Қаңтар оқиғалары кезінде қару-жарақ дүкеніне түскен 41 жастағы Алматы облысының тұрғыны үш жылға сотталды.
2022 жылы 5 қаңтарда кешке Алматы облысы Гүлдала ауылының 41 жастағы тұрғыны Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен құны 724 359 теңге тұратын Infiray Tube оптикалық көзілдірікті, 14 188 теңге тұратын Bushnell тепловизорын, 16 000 тенге тұратын төрт офицерлік белбеуді ұрлап кеткен. Сот бұл әрекеттерді ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бап 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша саралады.
"Сотта сотталушы өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді. Келтірілген залал өндірілді. Аталмыш бап бойынша жаза екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздесе, онда кінәсін мойындауды, өкінуді, жәбірленушілерге келтірілген зиянды ерікті түрде өтеуді ескере отырып, сот үш жыл мерзімге дейін бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады", – деп хабарладыАлматы қалалық сотының баспасөз қызметі.Сотталған азамат пен оның қорғаушысы үкімімен келісе отырып,оған шағымданбау туралы шешім қабылдады. Үкім заңды күшіне енді.