Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Игерілмеген қаржының сұрауы жоқ па?

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ М.ЖАЛҒАСҰЛЫ
Сәуір 9, 2022
қаржы
414
қаралым

Қазақстанда ұлттық жобаларға бөлінген бюджет игерілмегені үшін жауапкершілікті алып тастау ұсынылды. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бұл заңды басқаша өзгертуді қалайды екен.

Ведомствоның бұл ұсынысын вице-министр Сенатта бюджеттік процестерді қайта жүктеу мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен өткен кеңесте айтты.

«Ұлттық жобалар бізде индикаторларға байланысты, әрқайсысына лауазымды тұлға бекітілген. Егер индикатор бар болса, 3-5 жыл ішінде қаражат бөлінсе, нәтиже көрсетуі керек. Егер қаржыны игермесе, жауапкершілік туындайды. Ұлттық жобалар бөлігінде бюджеттің игерілмегені үшін жауапкершілікті, нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауапкершілікке ауыстыру ұсынылады», – деді Әмрин.

Оның сөзіне сенсек, кез келген ұлттық жобаға ақша бөлінеді, тиісінше, орындалуы тиіс белгілі бір көрсеткіш бар. Егер жоба орындалмай қалса, ақшасын басқа жобаларға аударуға болады. Яғни, қаражат пайдалану бойынша еркіндік болады. Осы жайларды айтқан ол «қаржыны игермегені үшін жауапкершілікті алып тастаймыз», – деді. Вице-министрдің айтуынша, қазір Бюджет кодексінде бюджет қаржысын игермегені үшін бірінші басшы жауапты болып тұр.

«Бізде 10 ұлттық жоба бар және бір ұлттық жоба аясында қаражатты облыстар бойынша қайта бөлу мүмкіндігі қарастырылатын болады. Мысалы, бір облыста игеру жүріп жатыр, екіншісінде игерілмеген. Біз бұл қаражатты бір облыстан екінші облысқа аудара аламыз. Бұл өзгерістерді біз дәл Ұлттық жобалар үшін енгізгіміз келеді», – деп түйіндеді Әмрин.

Тегтер: Азамат ӘмринБюджетқаржыұлттық жоба

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адамның аузы бармайтын сөздерді айтып хайуан болды! – Дариға Бадықова

Біз ұялмаймыз!

Қазақпыз ба, мазақпыз ба?

Жұмбақ жігіт

Жоғалып кетіппін ғой...

Сабағыш сабаз

«Крыша» ма, крыса ма?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»