Таиландтағы турнирде екі боксшымыз жүздесті
Таиландтағы турнирде екі боксшымыз жүздесті
Пхукетте өтіп жатқан халықаралық Thailand Open International 2022 турнирінің жартылай финалында ауыр салмақтағы (91 келіге дейін) қазақстандық екі боксшы – Сағындық Тоғамбай мен Айбек Оралбай кездесті. Бұл жекпе-жекте Айбек Оралбай 4:1 есебімен жеңіске жетті. Енді ол индонезиялық Сандьярто Дено Фероджь пен таиландтық Джаккапонг Йомхот кездесуінің жеңімпазымен алтын медальді сарапқа салады. Ал Сағындық Тоғамбай Пхукеттегі турнирдің қола жүлдегері атанды.

А.ЖАСАНҰЛЫ