Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Инсулин қайда, инсулин?

Наима НҰРӘЛІ Наима НҰРӘЛІ
Сәуір 9, 2022
диабет инсулин
470
қаралым

Қазақстанда қант диабетіне шалдыққандар әбігерге түсті. Дәріханаларда ауадай қажет инсулин таппай жүр. Негізі, елде оның «оригинал емес» түрі кепілдендірілген ме­ди­циналық көмек аясында тегін беріледі. Алайда тек түпнұсқасын қажет ететіндер арзан ба­ламасына көшпей, дәріханалардан «лантус» алып жүрген. Қазір осы медициналық пре­парат қат дүниеге айналды.

Қазақстанда қант диабеті диагнозы қойылған 380 мың адам бар. Өкініштісі, шын мәнінде ауыр дертке шалдыққандар саны одан да көп болуы мүмкін. Себебі нау­қастардың көбі асқынған кезде ғана дәрігерге жүгінетін көрінеді. Тағы бір мәселе, қант диабетімен сырқаттанғандар 7 жылда 62 па­йызға өскен. Ресми деректерге сү­йенсек, 2006 жылы елде 151 мың науқас болса, 2013 жылы 225 мың адам тіркелген. 2021 жылы бұл көрсеткіш 380 мыңнан асты. Суса­мыр елімізде тегін емделетін ауру түріне жатады. Елде қант диабетіне шалдыққандар инсулинді кепіл­дендірілген медициналық көмек аясында тегін алады.

2019 жылы осы емханаларда берілетін оригинал препараттар биосимилярларға алмастырылды. Қант диабетімен ауыратындарға «лантус» түпнұсқа препаратының орнына Үндістаннан шығатын «ба­салог» деп аталатын арзан ба­ламаны (биосимиляр) бере бас­таған. Кей науқастарда теріс әсері байқалып, кейін олар инсулинді өз қаражатына сатып алуға көшкен. Жыл басында инсулинді 19 мың теңгеге сатып алып жүргендер қазір соның өзін таппай отыр. 58 жастағы елорда тұрғыны Марал Орынбасарова 3 жылдан бері қант диабетімен күресіп келеді. Қазір қолында 1 аптаға жетерлік дәрісі бар. Бір дәрі негізінен 2 аптаға есептеледі. Сондықтан қара на­рықтан іздеуге көшіпті.

«10-нан аса дәріханаға хабар­ласып шықтым. Ешбірінде лантус жоқ. Қара нарықтан табуға болады екен. Бірақ осыған дейін 19-20 мың теңгеге алып келсек, бір жер­де 32 мың теңге дейді. Жағдайымыз қиын», – дейді Ма­рал Орын­ба­сарова.

Ізбасар Тұрғынбайұлы да алып шаһардағы инсулин тапшылығы шым­ба­йына қатты батқан жанның бірі. Себебі тоғыз жылдан бері қант диа­бетінің зардабын тартып ке­леді. «Ендігі жағдайымыз не бо­ла­ды?» деп алаңдап отыр зейнеткер.

«Дәріханаларда болмаса, қай­дан аламыз? Сәуірдің ортасында болып қалады дейді. Бірақ менің дәрілерім таусылды. Көптеп сатып алып қойғандар бар екен. Олардан сұрасақ, 25-30 мың теңгені айтып отыр. Зейнетақымның бәрі дәріге кете ме енді?» деп налыды ол.

Жалпы, отандық фармацевтика нарығында дженериктер мен био­симилярлар (түпнұсқа препарат­тар­дың баламасы) жетіп-артыла­ды. Ресми дерек бойынша, жергі­лікті кәсіпорындар өндіретін 935 дәрілік препарат тіркелген. Олар­дың 865-і – дженерик, 9-ы – био­симиляр және 70-і – түпнұсқа препарат. Түпнұсқа препарат пен дженерик құрамындағы негізгі әсер етуші зат бір болғанымен, екеуінде екі түрлі қосымша заттар қолданылады. Осыған байланысты препараттардың әсері де әртүрлі болады. Диабеттік қауымдастық өкілдері оригинал дәрілерді арзан биосимилярға ауыстыруға бірнеше жыл бұрын қарсы шыққан еді. Бірақ одан нәтиже болмады. Дәріхана сөрелерінен лантустың жоғалып кетуіне Ресейдегі дәрі тапшылығы себеп болуы мүмкін. Себебі көрші елде қазірдің өзінде 80-ге жуық дәрілік препарат тапшы. Оның ішінде инсулин де бар. Ол елде де барлығы бірдей лан­тустың балама түрін қолдан­бай­ды. Бас тартқандар 2 жылдан бері дәріханалардан сатып алып келген. Сондықтан бұл елдің дәрі­ханаларынан да аталмыш препарат қат дүниеге айналды. Алайда Ден­саулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәселені жоққа шығарып, дәріханалардан ешкім инсулин сатып алмайтынын айтты. «Қант диабетімен ауыратын барлық па­циент тек бюджет есебінен дәрімен қамтамасыз етіледі. Себебі барлық пациенттер диспансерлік есепте тұр және олар бюджет есебінен, емханалар арқылы инсулин ала­ды», деді министр.

инсулин
© коллаж: Әсел Балтақызы

Біз де 10 шақты дәріханаға қоңырау шалып, сұрастырып едік. Бәрінің айтатыны бір. Ешқайсында диа­бетке шалдыққандарға ауадай қажет бұл препарат жоқ. Ал Фар­мацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының мәлімдемесіне сүйенсек, дәрі­ха­на­ларға қат препарат сәуірдің екінші жар­тысында ғана жетуі мүмкін.

«Қазір мемлекет қант диабеті бар амбулаториялық пациенттерді Қарағанды фармацевтикалық кешені өндіретін сауда атауы «Ринглар» инсулин препаратымен қамтамасыз етеді. Дегенмен бөл­шек саудада оригинал инсулин «лантус» препаратына сұраныс бар екенін көріп отырмыз. Аталмыш тауар тапшылығы сақтандыру қорларын қолдау және жоспар­лау­дағы қиындықтармен байланысты. Бірақ өндіруші «лантус» препа­ратының дәріханаларда биыл сәуір айының екінші жартысында пайда болатынын растады. Дәріха­на­лар­дағы пациенттерді тауармен үз­діксіз қамтамасыз ету үшін біз 2023 жылдан бастап біріңғай төлем жү­йесі енгізілгенін күтеміз. Бұл өндірушілер мен дистрибью­тор­ларға дәрі-дәрмектерді жеткізуді алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді» деген еді Фармацев­тикалық қызметті қолдау және да­мыту қауымдастығының прези­денті Марина Дурманова.

Ал зейнеткер Мұхамед Құса­йы­нов 1 жылдан бері «лантустың» ор­нына «апидра» препаратын қа­был­дап жүргенін айтты. Сонымен қа­тар диабетке шалдыққандардың мәселесі бұл ға­на емес екен. Дәріханалардан қан­­дағы қантты өлшеуге арналған құрыл­ғыларды да табу қиын дейді ол.

«Қант диабетімен ауыратын кісі көз жұмып, соның аспабын сұрап алдым. 3 ай болды құрылғы таппай жатырмын. Емханадан тегін дәрі-дәрмек аламын. Деген­мен кейбірін сатып алуға тура ке­леді. Солар дәріханалардан жоға­лып кетпесе екен. Қант диабеті – қиын ауру. Диета ұстамасаң, дәріңді дер кезінде қабылдамасаң, арты қиынға соғады. Сондықтан дәрі-дәрмек тапшылығы болмаса екен», – дейді М.Құсайынов.

Сонымен жауаптылар жағдай оңалады деп сендіруде. Ал ауру оған көне қойсын ба? Асқынып кетпес үшін ақшасы барлар алып­сатар­лардан алады. Оның өзінде сұра­ныстың артуынан оның да бағасы аспандап кеткен. 19 мың теңгенің дәрісі 32 мың теңгеге бір-ақ шық­қанын айтып отыр диа­беттер. Нау­рыздың соңында Ден­саулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек экспор­тына жарты жылға уақытша шектеу енгізді. Ал дертіне дауа іздегендер болса, «тап­шы­лықтың кесірінен дәріханалардағы баға шарықтап кете ме?» деп алаңдап жатыр.

Жалпы, әлемдік экономикалық ахуал отандық дәрі-дәрмек нары­ғына әсер етпей қоймады. Отандық фармөндіріс кейбір құрамдық ­бөл­шектер мен логистика бойын­ша да импортқа тәуелді екенін ескерсек, препараттардың бағасы қымбаттап, тапшылық болуы мүмкін дейді сарапшылар. Қоры­тындысында дәрі-дәрмек мәселесі бос уәде мен кейінге қалдыруға көн­бейді. Себебі оның артында қаншама адамның өмірі тұр. Ал енді неге мемлекеттен дәрінің түпнұсқасы берілмейді десеңіз, жыл сайын әлем бойынша қант диабетіне шалдыққандар саны артып келеді. Дәрі тапшылығы болмас үшін, бәріне бірдей жету үшін біздің ел де оның балама түріне көшуді ұйғарған. Бір ин­сулинді екіншісіне ауыстыру үшін ауруханаға бір ай жатып шығу керек. Ол тек стационарлық жағ­дайда жасалады. Диабетке шал­дыққандар күрделі процесс бол­ғандықтан тәуекелге барудан бас тартады. Дегенмен олардың да жа­найқайы ескерілуі тиіс. Тегін берілетін дәрі науқастың орга­низ­міне сай кел­месе, онда өз қо­ты­рын өзі қасысын дегенді білдіре ме?

Тегтер: инсулинқант диабетінауқас

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды ​​мен Теміртауда банк клиенттерін 40 миллион теңгеге алдағандар ұсталды

Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Өз балаларына миллион теңгеден аса ақша қарыз болған ер адам ұсталды

Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті

Оралда Toyota бағанаға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды

Ауыл шаруашылығы министрлігі космомониторинг жұмысы бойынша кемшіліктерді атады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»