Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ақтауда көше сыпырушылар жолды жапты

Әлі күнге дейін наурыз айының жалақысын алмаған.

Әмір Мейірғатұлы Әмір Мейірғатұлы
Сәуір 9, 2022
Ақтауда көше сыпырушылар жолды жапты 1
819
қаралым

500-ге жуық коммуналдық мекеме жұмысшылары жалақы көтеруді талап етуде. Тіпті жанайқайын жеткізу үшін жолды жауып тастады, деп хабарлайды КТК арнасы. 

«Бәрінің үйі жоқ. Таңғы сағат 5-те шығып, үйіне кешкі 8-де қайтады. Бәрі – әйелдер. Осы жердегі еркектер дайын тамақ пен дайын төсекке барғаны болмаса. Басында ереуілге шығамыз деп ойламадық. Айналғанда тендердің мәселесі күшейіп кеткеннен кейін, сол себепті осындайға келдік», – деді жұмысшылар.

Күн ұзаққа көше сыпырып қаланың қоқысын шығаратындар әлі күнге наурыз айының жалақысын алмапты. Екі жылдан бері еңбек демалысына да шықпаған. Сондықтан жолды жабуға дейін барған жұмысшылар айлықты 30 пайызға өсіруді талап етті.

Ал қала тазалағына жауапты мекеме басшылары көше сыпырушылардың ақшасын жыл сайын 10 пайызға көтеріп жатырмыз деп ақталды. Мәселен, былтыр 67 мың теңгеден 83 мыңға көбейіпті. Ал биыл 90 мың теңгеге жетті дейді. Алдағы уақытта тағы 6 мың теңгеден қосылады деп жоспарлаған. Бірақ биыл тендер тоқтап қалып, қаржы қолбайлау болып отыр дейді.

«Ақтау қаласы әкімдігі үш жылға мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша бірнеше мекеме қатысып, жеңімпаз анықталды. Бірақ мемлекеттік аудит мекемесі тексеріп, бірінші конкурстың қорытындысын бұзып тастады. Кейін қайталап шығарған болатынбыз. Қазір жеңімпаз анықталды. Сонымен қатар қатысқан үшінші мекеме арыз жазуына байланысты тоқтап тұр. Сол себептен біз қала әкімдігі мына мекемеге тиісті қаражатты төлей алмай отыр», – деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Алпысбай Таубаев.

Тегтер: АқтауЖаңалықтаркөшесыпырушы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтаннан Бішкекке әуе рейсі ашылады

Оралда 26 жастағы қызды зорлаған таксист пен оның танысы 8 жылға сотталды

Доллар бағамы 7,22 теңгеге қымбаттады

Халық Президент бастамаларын қолдап отыр – Ерлан Қошанов

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында қайтыс болды

1,1 миллионнан астам қызметкердің жалақысы өседі - Тоғжанов

Украинадағы соғыс 70-тен астам елді дағдарыс пен дефолтқа ұшыратуы мүмкін – БҰҰ

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»