Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Павлодарда дәрігерлер қабырғасын сындырған сәбидің жағдайы белгілі болды

Бұл шағымға қатысты арнайы комиссия құрылды.

Әмір Мейірғатұлы Әмір Мейірғатұлы
Сәуір 9, 2022
Сурет: otyrar.kz

Сурет: otyrar.kz

1.4k
қаралым

Болған жайт туралы бір жарым жасар баланың анасы Іnstagram әлеуметтік желсіндегі парақшалардың бірінде жазды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. 

«6 сәуір күні сағат 21:03-те жедел жәрдем шақыра бастадым. Себебі құрысу белгілерінен кейін баламның жүрегі тоқтап қалды. Жедел жәрдем операторы 5 минуттан кейін ғана қоңырауға жауап берді. Мұндай жағдайды ескеретін болсақ, бұл – өте ұзақ. Олар расымен тез жетті. Бірақ қандай науқасқа келе жатқанын біле тұра, жиналмай келген. Оттегі болмады, бұдан кейін шұғыл көмек көрсету үшін қалған құралдарды алуға қайтадан үш рет төмен түсті. Қаншама уақытты жоғалтып алды, – дейді жазбаның авторы.

Әйел адамның айтуынша, алғашқы көмек көрсету кезінде баланың қабырғасы сынған. Бұған қоса, ауруханаға бара жатқанда бала басымен құлаған.

«Бүгінгі таңда балам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Жедел жәрдем бригадасының салғырттығына шара қолдануыңызды өтінемін», – деді сәбидің анасы.

Облыстық жедел жәрдем станциясында бұл шағымға қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс басталғанын хабарлады.

«Біріншіден, бала мен оның анасына денсаулық тілейміз. Тезірек жазылып шықсын! Жедел жәрдем бригадасының әрекетіне баға беріледі. Оның шынымен қабырғасы сынған болып шықты, – деді станциядағылар.

Станцияда оқиғанын мән-жайын анықтауда.

Кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2021 жылы туған сәбидің облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

«Екі жақты жіті полисегментальды пневмония диагнозына байланысты жағдайы тұрақты және ауыр. Сондай-ақ церебральды сал ауруы, симптоматикалық эпилепсия, конвульсиялық синдром диагноздары қойылған», – дейді басқармада.

Бұған қоса, баланың сегізінші қабырғасының сынғаны анықталды.

Тегтер: баладәрігерЖаңалықтарсәбишағым

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда 26 жастағы қызды зорлаған таксист пен оның танысы 8 жылға сотталды

Доллар бағамы 7, 22 теңгеге қымбаттады

Халық Президент бастамаларын қолдап отыр – Ерлан Қошанов

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында қайтыс болды

1,1 миллионнан астам қызметкердің жалақысы өседі - Тоғжанов

Украинадағы соғыс 70-тен астам елді дағдарыс пен дефолтқа ұшыратуы мүмкін – БҰҰ

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2 млрд долларға жеткізіледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»