Головкин-Мурата жекпе-жегінің нақты уақыты аталды
Головкин-Мурата жекпе-жегінің нақты уақыты аталды
185
оқылды
9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA суперчемпионы Риота Мурата (16-2, 13 KO) үш белбеуді сарапқа салады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты. 
Қазақстандық жанкүйерлер бокс кешін тікелей көрсетілімнен тамашалай алады. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 15:00, ал GGG - Мурата жекпе-жегінің өзі шамамен 18:10-да. Бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирден көрсетеді. GGG жеңіске жетсе, қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші рет жұдырықтасады деп жоспарланып отыр.