Головкин жапониялық қарсыласы Муратаны нокаутпен жеңді – Видео
Головкин жапониялық қарсыласы Муратаны нокаутпен жеңді – Видео
279
оқылды
Жапонияның Сайтама қаласында орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA "суперчемпионы" Риота Муратаның (16-2, 13 KO) үш белбеуді сарапқа салған жекпе-жегі аяқталды. Жанкүйерлер көптен күткен жекпе-жекте  Геннадий Головкин айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жекпе-жек 9 раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Айта кетейік, Геннадий Головкиннің жекпе-жектен алатын гонарар көлемі – 12,3 миллион доллар. Ал қарсыласы Мурата 4,1 миллион доллар алады. Енді Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) қыркүйек айында кездесуі мүмкін. Қазақстандық боксшы кеше ғана 40 жасын атап өткен болатын. Жұлдызды спортшыны  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы  құттықтады.