Үндістанның Тамилнад штатының тұрғыны Мурти өз жерлеу рәсімінен кейін үйіне оралған, деп хабарлайды vostokmedia.com сайты. 55 жастағы Мурти Тируппур қант қамысын жинауға барып, бірнеше күн бойы туыстарымен байланысқа шықпаған. Көп ұзамай отбасына ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар келеді. Ал ұлы мәйіттің әкесіне тиесілі екенін растайды. Полицейлер оқиғаны тіркеп, мәйітті отбасына береді. Жерлеу рәсімінен кейін Мурти Тируппур үйіне тірі оралады.
"Ол үйге келгенде өз көзімізге өзіміз сенбедік. Қатты шошып кеттік", - деді Муратидің туыстары.Полицейлер жерленген ер адамның кім екенін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.