Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ақтөбеде жүкті әйел автобустан құлап түсті

Оқиға 1 сәуірде кешке "Макаренко" аялдамасында болды.

Әмір Мейірғатұлы Әмір Мейірғатұлы
Сәуір 10, 2022
Pregnant woman with face mask standing on a city bus ride.

Pregnant woman with face mask standing on a city bus ride.

314
қаралым

Ақтөбеде жүктіліктің жетінші айындағы әйел автобустан түсіп үлгере алмай, көлік қозғалғанда жерге құлап түсті. 29 жастағы келіншектің арқасы жараланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 1 сәуір кешке «Макаренко» аялдамасында болды. Жүкті әйел № 24 автобустан түскелі жатқанда, автобус қозғалып, әйел сөмкелерімен бірге балшыққа құлап, арқасын жаралаған. Келіншектің сөзінше, жүргізуші мен кондуктор оған көмектеспей кетіп қалған.

«№24 автобустың жүргізушісі жол бойы жылдам жүрді, – дейді Айдана. – Ақыры менің аялдамадан түскенімді күтпестен, орнынан қозғалып кетті, ал мен жерге, балшыққа құлап түстім. Кондуктор да, жүргізуші де менің жүкті екенімді және қолымда сөмке барын көре тұрып көмектеспеді. Мен бұған дейін күйеуіме қоңырау шалып, базардан шыққанымды және мені қарсы алу керегін ескерткен едім. Орнымнан өзім тұрдым, ал күйеуім бірнеше минуттан соң жүгіріп келді. Арқам әлі күнге дейін ауырады. Сол күні көп адам оқиғаға куә болды. Мен жүргізуші жұмыстан шығып қалғанын қаламаймын, оны нанынан айырғым келмейді. Бірақ оны жазасыз қалдырса, оқиға қайталануы мүмкін».

Автопарк өкілдері оқиғаға түсінік берді.

«Жолаушы оның кім екенін анықтау үшін және біз шара қабылдауымыз үшін полицияға арыз жазды. Біз жүргізуші туралы барлық мәліметті полицияға бердік. Тексеруден, процестік әрекеттерден кейін кінә анықталса, жүргізушіге қатысты шаралар қабылданады. Басқа деректер бізде әлі жоқ», – деп жауап берді «Автопарк» ЖШС өкілі Руслан Жылқаманов.

Тегтер: автобусАқтөбеЖаңалықтаржүкті әйел

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтаннан Бішкекке әуе рейсі ашылады

Оралда 26 жастағы қызды зорлаған таксист пен оның танысы 8 жылға сотталды

Доллар бағамы 7,22 теңгеге қымбаттады

Халық Президент бастамаларын қолдап отыр – Ерлан Қошанов

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында қайтыс болды

1,1 миллионнан астам қызметкердің жалақысы өседі - Тоғжанов

Украинадағы соғыс 70-тен астам елді дағдарыс пен дефолтқа ұшыратуы мүмкін – БҰҰ

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»