Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының жолдарынан 3 айда 130-дан астам ақау табылды

Былтыр сапасыз жол салған мердігерлер үстінен облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына 7 рет арыз жолданған.

Әмір Мейірғатұлы Әмір Мейірғатұлы
Сәуір 10, 2022
Алматы облысының жолдарынан 3 айда 130-дан астам ақау табылды 1
3.2k
қаралым

Алматы облысындағы жолдардың басым бөлігі талапқа сай емес. Негізінен асфальт жабындысы жұқа әрі тас жол төселетін топырақ дұрыс нығыздалмайды. Салдарынан жаңадан салынған жол бір маусымға жетпестен бүлініп, тозады. Осыған байланысты Жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандары бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Informburo.kz сайты. 

Орталық инженерлері былтыр Алматы облысындағы 17 аудан мен Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларының тас жолдарын тексерген. 231 мәрте рейд өткізіп, асфальт жабындысынан алынған 670 сынаманың 66 пайызы талапқа сай келмейтінін анықтаған.

«Конкурс өткен кезде төмен баға ұсынып, тендер ұтып алған мердігер мекеме кейін материалды үнемдей бастайды. Содан қате кетіп жатады. Техникалық бақылау қызметі өзінің жұмысын толық атқармаған жағдайлар бар. Салдарынан жолдар сапасыз жасалады», – деді Жол активтері ұлттық сапа орталығының Алматы облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Мәулен Әліпов.

Былтыр осындай сапасыз жол салған мердігерлердің үстінен облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасына 7 рет арыз жолданған. Олардың алтауына қатысты әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды. Соған қарамастан биылғы 3 айда облыстағы жолдардан тағы да 130-дан астам ақау табылған.

Мамандар сапасыз жолдардың бір себебі – жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің біліксіздігі екенін айтады. Мәселен, Қазақстанда Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері мен басқармаларында 1 500-ге жуық маман жұмыс істейді. Бірақ, олардың 10 пайызының ғана жол саласы мамандығы бойынша дипломы бар. Қалғандары асфальттың құрамы, ол қалай төселеді, қандай талап қою керектігін білмейді.

Осы орайда Ұлттық сапа орталығы әкімдік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін жергілікті атқарушы орган өкілдеріне арналған оқыту семинарын бастады. Қазақстан өңірлерінің бәрінде өтетін семинарда мамандар:

  • жол салу жобаларының сапасын бақылау;
  • автомобиль жолдарын диагностикалау және паспорттау;
  • жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау;
  • техникалық қадағалаудың функциялары мен міндеттері туралы жан-жақты мағлұмат береді.
Тегтер: АлматыАлматы облысыЖаңалықтаржол

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адамның аузы бармайтын сөздерді айтып хайуан болды! – Дариға Бадықова

Біз ұялмаймыз!

Қазақпыз ба, мазақпыз ба?

Жұмбақ жігіт

Жоғалып кетіппін ғой...

Сабағыш сабаз

«Крыша» ма, крыса ма?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»