Ресейден Тәжікстанға бет алған үлкен жүк көлігі Түркістан облысында жолда жанып кетті, – деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай 9 сәуірде кешкі сағат 21.00-де болғаны хабарланды. Аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне Жиенқұм ауылының жанындағы Самара-Шымкент тасжолының 73-шақырымында жүк автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына аудандық бөлімнің жедел-тергеу тобы шықты. Мұқият тексеру кезінде тәртіп сақшылары Ресейден Тәжікстанға бара жатқан Volvo маркалы жүк көлігі тіркемесінің баллоны жанғанын анықтады», – деп хабарлады аймақ полицейлері.