Нұр-Сұлтанда кезекті заңсыз майнинг фермасы ешкім күтпеген жерден табылды. Майнингке арналған төрт аппараттан (ASIC) тұратын жұмыс істеп тұрған шағын ферма "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығының желдету шахтасына жасырылған.
Оларды орталықтың желдету құбырындағы кабельдік желілерді тексеріп жүрген инженері байқап, басшыларына хабарлаған.
Тексеру барысында полицейлер желдету құбырының үстінен қосулы тұрған 4 құрылғыны анықтайды. Аталған факті бойынша материал экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.