Полиция аутизммен ауыратын баланың телефонын сындырған Роналдуға қатысты тергеуді бастады
Полиция аутизммен ауыратын баланың телефонын сындырған Роналдуға қатысты тергеуді бастады
Фото: sportsweek.org
215
оқылды
Мерсисайд полициясы Англия премьер-лигасының «Эвертонмен» матчынан кейін "Манчестер Юнайтед" футболшысы Криштиану Роналдудың көрерменге жасаған шабуылының мән-жайын зерттеп жатыр, – деп хабарлайды РБК. «Манчестер Юнайтед»  9 сәуірде " Эвертоннан " 0:1 есебімен ұтылды. Роналду ойын барысында аяғы тілініп, қанаған күйі алаңнан кеткен. Жолда жанкүйерінің қолындағы телефонын қағып түсірген. Ол португалдық аутизммен ауыратын  14 жастағы жасөспірім болып шықты.
«Болған жағдайдан кейін біз «Манчестер Юнайтедпен» және «Эвертонмен» байланыс жасайтынымызды растай аламыз. Бізге қонақтар алаңнан шыққан кезде команда мүшелерінің бірі балаға шабуыл жасағанын хабарлады. Полиция оқиғаның мән-жайын, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, құқықбұзушылықтың болғанын анықтау үшін куәгерлерден сұрайды", – деді полиция өкілі.
Жасөспірімнің анасы Сара Келли баланың шошып кеткенін, қолы көгергенін және телефон экраны сынғанын айтты. Келлидің айтуынша, бала алғаш рет футбол матчына келген. Оқиғадан кейін Роналду жанкүйерден кешірім сұрап, оны МЮ үй матчына шақырды.