Өскеменде екі ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды
Өскеменде екі ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды
155
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық полиция бөлімінің полицейлері осы жылдың қаңтар айының басында із-түзсіз жоғалып кеткен 40 жастағы Ольга Р.-ның денесі табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады yk-news.kz порталы.
"3 қаңтарда Глубокое аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына 1 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында 1982 жылы туған Р.О.-ның үйден шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы өтініш келіп түсті. Бұл факт белгіленген тәртіпте тіркелді, іздеуге жеке құрам жұмылдырылды", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Әйелдің денесі үш ай төрт күннен кейін табылды. Эксперт-криминалистердің берген мәліметіне сәйкес, марқұмның денесінен жарақат табылмаған.