Алматы облысы Өтенай кентінде автобус аударылды. Апат салдарынан бірнеше жолаушы жарақат алды. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Хван және Сләмов көшелерінің қиылысында болған. Mazda Cronos көлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шығар кезде жол белгісін елемей, автобусқа соғылған. «Оқиға салдарынан Isuzu автобусының 47 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен жолаушылардың екеуі әйел адам. Оқиғаның мән-жайын Талдықорған қалалық полициясы анықтап жатыр» делінген ресми мәліметте.