Шымкентте 20 жастағы жігіт аттракционнан құлап кетті – видео
Шымкентте 20 жастағы жігіт аттракционнан құлап кетті – видео
Фото: видеодан скриншот
140
оқылды
Саябақта аттракционнан құлаған 20 жастағы жігіттің жағдайы ауыр. Бұл туралы Қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Кеше саябақта 103 қызметіне ер адамның биіктен құлап кеткені туралы шақырту түскен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері 20 жастағы жігіттің жарақаты ауыр екенін анықтады.
«Жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Оның бассүйек маңдайы жарақаттанған. Операция жасалды. Науқастың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр» делінген басқарма хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.
«Бәйдібек би көшесіндегі аттракциондағы оқиға бойынша әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деді полицейлер.
*Ескерту! Видеода жантүршігерлік кадрлар барын ескертеміз!
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Евгений Яворский - Адвокат (@yavorskiy.advokat)

  Бұған дейін Қарағандыда аттракционнан секірген әйел қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.