Қостанайда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан
Қостанайда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан
©24.kz
495
оқылды

Қостанайда полицейлер пышақ ұстаған ер адамды ұстады. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. Қазір ол айықтырғышта.

10 сәуірде кешке "102" шұғыл байланыс желісіне әл-Фараби көшесіндегі үйдің ауласында пышақ ұстаған жас жігіт жүргені туралы бірнеше хабарлама түскен. Ер адам 440-бап, яғни "Алкогольдік ішімдік тұтыну немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ер адамның психоневрологиялық диспансерде тіркелген-тіркелмегені анықталады.