Германияда қазақтың әні әуеледі
Германияда қазақтың әні әуеледі
262
оқылды
Димаш Құдайберген алғаш рет Германияда концерт өткізіп, Дюссельдорф қаласындағы ISS Dome аренасында қазақтың әні әуеледі. Қазақстан әншісінің керемет шоуын тамашалау үшін көрермен Еуразия, Америка, Африка, Аустралия, бір сөзбен айтқанда, дүниенің төртбұрышынан жиналды. Димаш тыңдарманына пандемияға дейін басталған ARNAU турының жаңартылған бағдарламасын ұсынды. Ол әдеттегідей бірнеше тілде ән орындады. Ағылшын, италиян, француз, орыс, қытай тілдеріндегі туындылардың әрқайсысының әнші шығармашылығында өз орны бар. Дегенмен концерт бағдарламасының басым бөлігінде әнші әндерін ана тілінде шырқады. Өз кезегінде Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне көп ұзамай Прагада кездесуге уәде берді.

А.ЖАСАНҰЛЫ