Тұрғындар талабы тыңдалды
Тұрғындар талабы тыңдалды
290
оқылды
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Заречный елді мекенін дамыту мәселесін жергілікті тұрғындармен талқылады. Бұл туралы бас қала басшысы Іnstagram парақшасында жазды. «Аудандарымызды, елді мекендерімізді тұ­рақты аралап, тұрғындармен кездесіп тұрамыз. Бұл жолы Заречный (Есіл ау­даны) елді меке­нінің тұр­ғын­дарымен кездестім. Кездесу ба­рысында бірқатар өзекті мәселе көтерілді: мек­теп, балабақша салу және кеңейту, су қы­сымы, электр қуаты, жолдар мен авто­бус бағыттары, жылы аялдамалар мен сергек каме­ралары, гүлзар­лар және тағы басқалар. Бар­лығын жазып алдық, енді оларды іске асыру бойынша жоспар құрамыз», – деді А.Көлгінов. Әкім сонымен қатар №45 мектеп техникалық сараптама жүргізілген соң күрделі жөн­деуден өтетінін жеткізді. Соның ішінде бірінші кезекте мектеп аумағында жаңа корпус салу мәселесі қарастырылады. Сол сияқты №56 балабақшаны да күрделі жөндеуден өткізу жос­парланған. «Сумен жабдықтау да – жүйелі проблема. Осыған дейін айтқанымдай, былтыр біз сорғы-сүзгі стансасы-3 (ССС) құры­лысына кірістік. ССС-3-тің ал­ғаш­қы кезеңі биыл күзде іске қосылады. Ал толығымен 2023 жы­лы аяқталады. ССС-3 қала­ның алдағы уақытта салынатын аудан­дарын ауыз сумен қамта­масыз етуге, сон­дай-ақ сумен жабдықтаудың қазіргі қуатын арт­тыруға мүмкіндік береді. Бұл елді мекенде жеке сектор барын ескерсек, оны газдан­дырамыз. Зареч­ный елді мекенінің тұр­ғындары көтерген мәселелерді назарымызға алдық, осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылады. Елді мекендерді дамыту Мем­лекет басшысының тікелей ба­қылауында», – деді қала әкімі. Осыған дейін Сарыарқа мен Алматы аудан­да­ры газдан­ды­рылған. Биыл Есіл ауданында газ та­рату желілерінің құрылысын бастау жоспар­ланған. Бұл аудан­ның және жалпы қаланың өмір сүру са­па­сы мен экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді.