Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Конституциялық сот әділ төрелік инстанциясы болмақ

Нұрлан ҚОСАЙ Нұрлан ҚОСАЙ
Сәуір 12, 2022
Конституциялық сот
149
қаралым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айындағы халыққа Жолдауында жоғарғы инс­титуционалдық ұйым саналатын Конс­титу­циялық кеңестің жұмысын тілге тиек ете оты­рып, оның жабық мекемеге айналғанын атап өтті. Сондықтан да оның жұмысын жан­дан­­дыра түсу үшін ол елімізде бұрын болған жоғарғы төрелік тәжірибесіне қайта оралуға шақырды. Ендеше Жаңа Қазақстанда Конс­титуциялық Соттың орны қандай болмақ? Сарап­­шылар пікір білдірді.

Марат

Марат БӘШІМОВ,
құқықтанушы, Еуропалық құқық 
және адам құқы сарапшылық 
институтының директоры:

– Көп ұзамай жаңа Консти­туциялық Сот өмірге келмек. Қазірдің өзінде бұл ұйымның өкілеттігі бойынша халықара­лық тәжірибелер аясында жаңа конституциялық құқықтық қа­­ты­настар қалыптасып келеді, осынау конституция­лық қадағалау органы­ның орны мен рөлі айқындалуда, ғалымдар мен мемлекеттік орган өкілдерінің көпте­ген тірнекті талқылаулары өтіп жатыр.

Конституция – «Жаңа Қазақстанның» темір­қа­зығы. Ал Конституциялық Соттың құрылуы азамат­тар­дың конституциялық құқығын қорғаудың нәтиже­лілігін күшейте түсіп, сенімін оятпақ. Осылайша, біз­дің өмірімізде көп нәрсе жақсы жағына қарай өз­гермек, әсіресе әділетсіздік пен проб­лема өте көп кез­­десетін құқық саласы жақ­сара түспек. Консти­ту­циялық Сот келесідей тұстарда: яки нормалардың маз­­мұны бойынша, нормативтік-құқықтық актінің нысаны бойынша, мемлекеттік органдар мен лауа­зымды тұлғалардың ара­сындағы құзыреттіліктерді бөлу тұрғысы­нан және нормативтік-құқықтық актіні қабылдау, қол қою, сондай-ақ оның ресми жариялануы мен қолданысқа енгізілу тәртібі бойынша заңның Конституциямен теориялық тұрғыдағы сәйкестігін айқын­дайды.

Шындығында да, құқықтық нормалар қатардағы азаматтардан бастап құқықты қолданушы мамандарға дейін түсінікті де қарапайым тілде, екіұшты мағынада ада түрде жазылуы тиіс. Осы реттен келгенде Конс­ти­туциялық Сот құқықтық жүйені үйлесімді ете тү­серіне сенім мол. Сондық­тан да Президенттің бұл идея­сы тек қана қолдауға лайық.

Алмас

Алмас ЖҰМАҒАЛИ,
заңгер, заң ғылымдарыныңкандидаты,
Сулейман Демирель атындағы
университеттің аға оқытушысы:

– Еліміздің құқықтық жүйе­­сін жетіл­діру мәселесіне келгенде өзгерістерді ал­дымен Ата Заңнан бастау керек. Тіпті, саяси реформаның түбегейлі­гін таныту үшін жаңа Конституция қабылдау қажет. Президенттің 16 нау­рыздағы «Жаңа Қа­зақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жол­дауында айтқан шешімдері мен бастамасы өте дұрыс. Бірақ сөз күйінде қалмай, жұ­мыс тобы тез арада өзгерістерді Конститу­циялық заңдардан бастап енгізуі керек. Конституциялық Соттың қайта қалыпқа келуі өте дұрыс. Мемлекеттік билік меха­низмінде Конституциялық Сотты құру биліктің бө­ліну прин­ципіне, конс­титуциялық процес­тің үздіксіздігі мен қай­тымсыздығына, мемлекеттік органдар­дың қоғам мен халық алдындағы жауапкер­шілік алатынына кепілдік береді. Сондай-ақ азаматтар мен басқа да құқық субъек­тілерін құқықтары бұзылған жағдайда ті­келей қорғауға мүмкіндік туғызады. Мә­селен, айталық, 1992 жылғы Конституция­лық Сот жұмыс істеп тұрған кезінде Ата Заң­ның барлық нор­малары тікелей жұмыс істейтін. Ал ол орган жабылып қалған 1995 жылдың тамыз айынан бері Конститу­цияның баптарында айтылған дүниелер одан кейінгі заңнама­ларда келтірілетін екіұшты тыйымдармен шектелді. Қазірге дейін солай жалғасып келеді. Тек кейінгі екі жылда бұл ахуал аз ғана жібіп, азамат­тарға өз пікірін білдіруге рұқсат етілді. Мә­селен, митингіге немесе шеруге шығу рұқ­сат алу сипатынан хабар­лау сипатына өткізілетіні мәлім етілді. Толықтай жүзеге асып кете қоймаса да, бұл өзгерістердің басы болды. Енді Конс­титу­циялық Сот құрылар болса, ол әділ тө­релік инс­тан­сасына айналып, елімізде демо­кра­тия­лық құн­дылықтар жандана түспек.

Тегтер: әділ төрелікЖаңа ҚазақстанЖолдауинстанцияКонституциялық сот

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бауырлас екі ел арасында түсінбестік болған емес – Тоқаев

Синоптиктер маусым айында бірнеше облыста құрғақшылық болатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Садыр Жапаров «Ақ кемеде» қарсы алды – видео

Утильалымға артық төленген ақшаны қайтарып алу үшін не істеу керек?

AMANAT партиясының өкілдері Республикалық диагностикалық орталық ұжымымен кездесті

Смайылов биыл министрлердің халықпен кездесетін күнін белгілеп, кестесін бекітті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»