Семейдегі геодезия және картография колледжінің ғимараты жаңадан құрылатын Абай облысының шенеуніктеріне беріле ме деп алаңдаған студенттер бүгін өз наразылықтарын білдірді. Бұл туралы «КазТАГ» сайты жазды. Жергілікті әлеуметтік желілерде студенттердің жиналып «қарсымыз» деп айқайлаған видеосы тарады.
«Олар бір ғана талаппен шықты. Әлдекімдер колледждің ғимаратын жаңадан құрылатын Абай облысының күш құрылымдарының біріне беруді ұйғарған секілді. Пагон таққан азаматтар ғимаратты қарап, көріп шығыпты. Мұндай идея кімнің ойына келді екен? Президентіміз «Жаңа Қазақстан құрамыз, жаңа облыстар ашамыз» деп жатқанда бұл Мемлекет басшысының бастамасына немқұрайлы қарау емес пе?» дейді колледж түлектерінің бірі Димаш Төлебаев.
Шығыс Қазақстан облысы