Түркістан облысында жалған доллар сатқан тұрғын ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
"Түркістан облысының тұрғыны жалған доллар сатқан. Ол 100 долларлық банкноттағы 9300 АҚШ доллары мөлшеріндегі жалған ақшаны сату кезінде әшкереленді. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.