Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?
Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?
286
оқылды
Күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке бар. Атап айтқанда, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні, 9 мамыр – Жеңіс күні. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. 1 мамыр жексенбіге сәйкес келетіндіктен, тағы бір демалыс күні – 2 мамыр қосылады.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамырда Жеңіс күнін атап өтеміз.
7 мамыр сенбіге, 9 мамыр дүйсенбіге сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар 7-10 мамыр аралығында төрт күн қатарынан демалады. Осылайша, мамыр айында қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 12 күн, алты күндік жұмыс аптасында 8 күн демалады.