Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Жас сарапшылар клубының отырысы өтті

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Сәуір 13, 2022
сарапшылар клубы
26
қаралым

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен палата жанындағы Жас са­рапшылар клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға қа­тысушылар ел экономикасын одан әрі дамыту үшін Пре­зидентіміз белгілеп берген міндеттерден туындайтын мәселелерді талқылады.

Кездесуге «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев ар­найы шақырылды. Ол Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың Холдингте іске асырылуы жөнінде айтты. Сондай-ақ «Бәйтеректің» қызметіне және жаңа эконо­мика­лық жағдайдағы жұмыс страте­гиясына қатысты алдағы өзгеріс­терге тоқталды.

Отырысты ашқан Мәулен Әшім­баев ел Президентінің Хол­дингтің кейбір еншілес ұйымда­рын реформалау жөніндегі тап­сыр­маларына назар аударды.

Сонымен қатар Сенат Төра­ғасы қазір Холдинг  экономиканың шикізаттық емес секторларын әртараптандыру және дамыту, кәсіпкерлікті және өңдеу өнеркә­сібі өнімдерінің экспортын қол­дау, агроөнеркәсіптік кешенді өр­кендету және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты эко­номикалық саясаттың бағыт­тары бойынша белсенді жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.

«Өңдеу өнеркәсібінің дамуын тежеп отырған бірқатар проблема бар. Олар – қолжетімді банктік несиелеудің болмауы, жеке инвес­торлар үшін жоғары валюталық тәуекелдер және өндірістік қуат­тың әбден тозуы. Сондай-ақ бі­лік­ті кадрлар да тапшы. Ішкі на­рықты қорғау үшін техникалық және тарифтік емес реттеу ая­сын­да жүйелі жұмыс жоқ. Қолжетімді қаржының жеткіліксіздігі индус­трияландыруды іске асыруға және бизнесті дамытуға негізгі кедергі болып отыр. «Бәйтерек» холдин­гінің құрамындағы даму инсти­туттары осы міндеттерді шешуі қажет», – деді Мәулен Әшімбаев.

Отырыс барысында клуб мүше­лері де сөз алып, Холдинг құра­мын­дағы институттардың қызме­тін жетілдіру бойынша өз ойла­ры­мен және бастамаларымен бөлісті. Нақты айтқанда, сарап­шылар «Бәйтерек» холдингінің корпо­ративті орталығының рө­ліне, Қазақстандағы өңдеу өнер­кәсібін мемлекеттік қолдауға, тұрғын үй саясатына, шағын және орта биз­несті мемлекеттік қолдау ша­ра­ларының тиімділігі мен қол­же­тім­ділігіне және тағы басқа мәселе­лер­ге тоқталды.

Тегтер: отырыссарапшылар клубыСенат

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлдарыңыз өзіңізден асып түссін! – Гүлнұр Оразымбетова күйеуін құттықтады

Ақтөбеде 48 жастағы тұрғын қарасора өсіретін зертхана ұйымдастырған

Алматылықтарға демалыс күндері сыртқа шықпау ескертілді

Талдықорғанда жаппай төбелес болып, күзетші соққыға жығылды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдіктіге іздеу жарияланды

Ертіс өзенінен әйелдің денесі табылды

Қарағандыда 54 миллион теңгенің рельсі ұрланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»