Полицейлер 28 жастағы ер адам анасының ұялы телефонын ұрлап кеткенін, телефон арқылы 1,5 миллион теңге онлайн кредит рәсімдегенін анықтады. Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Көкшетау қалалық полиция басқармасына арызданған тұрғын 6 сәуірде Samsung маркалы ұялы телефоны ұрланғанына шағымданған. Күдікті жалдамалы пәтерден ұсталды. Ұрланған Samsung ұялы телефон тәркіленді. Ер адам несиеге алған ақшасын құмар ойынға бәс тігіп, ұтылып қалған. Оның бұған дейін де бірнеше рет өзге біреудің атынан несие рәсімдегені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тұрғындардың атынан кредит алып, құмар ойынға жұмсаған банк қызметкері ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.