Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

«Біз жалдамалы құл болдық» - Жамбыл облысында қытайлық компания жұмысшылары ереуілге шықты

Дария Берікқызы Дария Берікқызы
Сәуір 13, 2022
Жамбыл
575
қаралым

Жамбыл облысында салынып жатқан Меркі-Бурылбайтал тас жолының жұмысшылары ереуілге шықты. Олар жалақыны көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп отыр. Бұл туралы Atameken Business телеарнасының сюжетінде хабарланды.

Ереуілшілердің айтуынша, үш жыл бойы қытайлық «Синьсин» компаниясы оларға ең төмен мөлшердегі жалақы төлеп келген. Басшылық барлық талаптарды орындамайынша жұмысқа шығудан бас тартқан 80-нен астам жұмысшы Қазақстан Президентінен көмек сұрады.

«Қытайлық компанияда біз жалдамалы жұмысшымыз. Мұндай жағдайға төзу мүмкін емес екенін екі айдан бері айтып келеміз. Бізге «ұнамаса, кетіңдер» деді. Бұл жерде арнайы киім де жоқ», – деді жұмысшы Мергенбай Дабылов.

Аталған жол құрылысы нысанында 200-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Жалақы 60 мың теңгеден басталып, ең жоғарғы мөлшері 120 мыңнан  аспайды. Жұмысшылардың айтуынша, 10 сағаттық жұмыс күніне бұл мардымсыз жалақы.

Жамбыл облысы

Қытай компаниясының басшылығы жобаның өзі тиімсіз деп мәлімдеді. Барлық есептеулер 2017 жылғы баға негізінде жасалған.

«2017 жылдан бастап құрылыс материалдарының бағасы қымбаттады. Қазір өзіміз де шығынға батып жатырмыз. Сондықтан біз жалақыны көтере алмай отырмыз», – деді компанияның бас инженері Цюань Ицюань.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров бұл мәселені тек қытайлық компания шеше алатынын айтты.

«Не айтатынын күтейік. Уәде еткендеріндей, үш күнде жалақыны көтерулері керек. Шешілмесе, Бас прокуратураға жүгінеміз», – деді ол.

Сөйтіп, екі тарап ортақ келісімге келе алмай тарқасты. Ал «Синьсин» өкілдері үш күн ішінде жалақы мәселесін шешуге тырысып көрмек.

 

Тегтер: Жамбыл облысыҚытайМеркі-БурылбайталСиньсин ЖШС

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтаннан Бішкекке әуе рейсі ашылады

Оралда 26 жастағы қызды зорлаған таксист пен оның танысы 8 жылға сотталды

Доллар бағамы 7,22 теңгеге қымбаттады

Халық Президент бастамаларын қолдап отыр – Ерлан Қошанов

Жазушы Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында қайтыс болды

1,1 миллионнан астам қызметкердің жалақысы өседі - Тоғжанов

Украинадағы соғыс 70-тен астам елді дағдарыс пен дефолтқа ұшыратуы мүмкін – БҰҰ

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»