Президент Берік Уәлиге «Хабардың» жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды
Президент Берік Уәлиге «Хабардың» жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды
Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Хабар» агенттігі» АҚ құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды. Берік Уәли Мемлекет басшысына алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты. Сонымен қатар Президентке агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді. Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.