Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Әскерге барудан жалтарғандарға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынбақ

Назгүл Ержанқызы Назгүл Ержанқызы
Сәуір 13, 2022
сарбаз

©kbcity.kg

21.4k
қаралым

Елімізде әскерге барудан жалтарғандарға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайты хабарлады. 

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны өтіп жатыр. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 1 наурыздан 30 маусымға дейін жалғасады. Сондықтан 18-27 жас аралығында азаматтарға әскерге шақыру бойынша арнайы шақырту қағазы және sms-хабарламалар жіберіледі. Шақыртуды алған бойда олар медициналық комиссиядан өтуге келуге міндетті.

«Егер әскерге шақырылушы бірнеше рет хабарлағаннан кейін жинау пунктіне келмесе, онда жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жалтарушының тұратын және жұмыс істейтін жеріне барады», – дейді ведомство.

Министрлік медициналық тексерістен өту барысында, егер азамат әскерге жарамсыз деп танылса, онда сол күні жинау пунктінен үйіне қайтарылатынын, ал қосымша тексеруді қажет етсе, онда медициналық мекемелерге жіберіледі.

«Шақыру қағазы бойынша медициналық тексеруге келмеген жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Әскери қызметтен жалтару 1 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзету жұмыстарына, не 400 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе одан айыруға әкеп соғады», – дейді Қорғаныс министрлігінен.

Осылайша, әскери қызметтен жалтарғандарға 3 млн 63 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін.

Тегтер: әскерЖаңалықтарсарбаз

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокста қанша табыс тапқаны белігілі болды

26 мамырға арналған доллардың ресми бағамы белгіленді

Алматыда «Вендік бал» форматында соңғы қоңырау өтті

Маңғыстауда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті

Ақтау көшелерінде тәртіп бұзған түлектер видеоға түсіп қалды

Қызылордада аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүрлеген

Жастар – өзгерісті қолдайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»