Балалар төлқұжатының құны арзандауы мүмкін
Балалар төлқұжатының құны арзандауы мүмкін
©orda.kz
167
оқылды
Мұндай норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасына кірді. Осы мәселе бүгінгі оқылымда қаралды.  «Кәмелетке толмағандарға төлқұжат үшін төленетін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылып отыр. Тұрғындар да бұл ұсынысты қолдады», – деді депутат Ғазиз Құлахметов. Сонымен қатар балалар өскен сайын түр-келбеті өзгеретінін ескеріп,  төлқұжаттарының жарамдылық мерзімін қысқартуды ұсынды. 5 жастан 12 жасқа дейінгі және 12 жастан 16 жасқа дейін – жарамдылық мерзімі екеуінде де бірдей (10 жыл).