«Қазгидромет» синоптиктері 14, 15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың біраз өңірінде тұман, батыста шаңды дауыл болады. Тек республиканың солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Елдің солтүстігінде күндіз ауа температурасы 13-18 градустан 20-25 градусқа дейін жылы болады, орталықта 17-22 градус жылы, оңтүстікте 20-25 градус жылы болады деп күтіліп отыр. Шығыста – 12-20 градус жылы болады», – делінген хабарламада.