Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалған екінші адамның денесін тапты. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қар көшкінің астында қалған екі адам Франция елінің азаматтары.
«6 адам тауға шығып сырғанаған. Бұл көшкіннің шығуына себеп болды. Олардың бесеуі Франция азаматы болса, біреуі қазақстандық. Төртеуі аман. Қардың астында қалғандардың біреуі зардап шекті, екіншісі өкінішке орай қаза тапты»,- деді қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.Еске салайық, кеше «Молодежный» шыңы аймағында қар көшкіні жүріп, салдарынан екі турист қар астында қалып қойған.