Биыл 26 сәуірде мемлекеттік сектор және IT-қауымдастықтың жетекші өкілдері, венчурлік қорлар мен бизнес-акселераторлар басшылары Digital Business Day 2.0 форумында бас қосып, Қазақстандағы криптоиндустрия мен инновациялық технологиялар дамуы жайлы әңгіме қозғайды. Форумды стартаптар және инвесторларға арналған Crowdsale Network халықаралық платформасы мен Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы ұйымдастырады. Бас демеуші – ByBit криптовалюта биржасы. Форум мақсаты – IT-қауымдастық пен бизнес өкілдерін, квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік секторды еліміздегі жоғары технологиялардың алдағы дамуын талқылау үшін біріктіру. Digital Business Day 2.0 жыл сайынғы форумның негізгі тақырыптық бағыттары – Blockchain, IoT, Big Data, Artificial Intelligence, AR/VR, Digital Marketing, FinTech, StartUp және т.б.
- қазақстандық суретшілер қаламынан шыққан бірінші NFT-көрме;
- IT-стартаптар байқауы;
- қазақстандық IT-компаниялар көрмесі.
Форум аяқталғаннан кейін қатысушыларға сұрақтар мен бизнес идеяларды ірі компаниялар және венчурлік қорлар басшыларымен талқылауға мүмкіндік жасалады. Сатылған билеттерден түскен қаражаттың 10% «Жас жауынгер» ерекше балаларды қолдау қорына тапсырылады.
Арман ЕРМАХАН