Алдағы сенбіден жексенбіге қараған түні мегаполистегі Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысында қозғалыс 8 сағатқа шектеледі. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері хабарлады.
«2022 жылы 16 сәуірде сағат 22:00-ден 17 сәуір сағат 06.00-ге дейін Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы шектеледі.
Аталған орындағы жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде апаттық алдын-алу жұмыстар жүргізу (жабынның апаттық тақталарын ауыстыру) үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Мәжбүрлі уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген аймақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз» делінген хабарламада.
Алматы