Жұмыссыз қалған 26 мыңнан астам адамға жәрдемақы төленетін болды

Жұмыссыз қалған 26 мыңнан астам адамға жәрдемақы төленетін болды

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыз қалған 36,2 мың адам жәрдемақы алады.

Биыл 26,4 мың адамға алғаш рет жәрдемақы тағайындалды. Жұмыстан босатылған қызметкер МӘМС-ке қаржы аударған болса, соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Жәрдемақы жоғалған табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді. Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін: – eGov.kz порталда авторизациялану; – «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау; – онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу қажет; – бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады; – егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі. Бұл қызметті онлайн режимінде электронды еңбек биржасы арқылы да алуға болады.