Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада туған. 1999 жылы «Тұран» университетін «халықаралық экономист» мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық экономист» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «мұнай-газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген. АҚШ-та және Малайзияда тағылымдамадан өткен. 2001-2004 жылдары Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында MIDrillingFluidsInternational (Schlumberger) компаниясының бұрғылау ерітінділері бойынша инженері. 2004-2007 жылдары «MIDrillingFluidsInternational» компаниясының Ақтау қаласындағы филиалында бизнесті дамыту бойынша менеджер, өндіріс бойынша менеджер, филиал басшысы. 2007-2010 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «ТеңізСервис» ЖШС Бас директоры. 2010-2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры. 2012-2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары. 2013-2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ вице-министрі. 2014-2019 жылдары – ҚР Энергетика вице-министрі. 2019-2021 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі. 2021-2022 жылдары – ҚР Энергетика министрі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды. Бүгін Президент Мағзұм Мырзағалиевті қызметінен босатты.