Биыл 9 мамыр Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне миллион теңге беріледі. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты. «Отан үшін от кешкен ардагерлеріміз қашан да құрметке лайық. Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында қарт майдангерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Әкімдік тарапынан қолдау мен құрмет көрсетіледі. Соғыс ардагерлеріне млн теңгеден беріледі. Сондай-ақ осы санатқа теңестірілген азаматтар мен тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі»,- деді Алматы әкімі. Ерболат Досаевтың айтуынша, Жеңіс күні 28 Панфиловшылар паркінде орналасқан «Мәңгілік алауға» гүл шоғын қою мен қан майданда қаза болған құрбандарды еске алу шарасы өтеді.