Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет AMANAT

Алматыда AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасының 2021 жылғы іске асырылу қорытындылары қаралды

Назгүл Ержанқызы Назгүл Ержанқызы
Сәуір 14, 2022
AMANAT
348
қаралым

 Партияның Алматы қалалық филиалында «AMANAT» фракциясының отырысы өтті, онда қала басшылығының Жол картасын жүзеге асыру бойынша есебі тыңдалды.

Фракция жұмысына қалалық филиалдың атқарушы хатшысы М. Отыншиев, Алматы қалалық мәслихатындағы фракция жетекшісі Л. Ибрагимова, депутаттық фракция мүшелері мен аудандық филиалдардың төрағалары-аудан әкімдері, сондай-ақ мегаполистің мемлекеттік органдарының басшылары және т. б. қатысты.

AMANAT

Қалалық мәслихаттағы фракция жетекшісі Ләззат Ибрагимованың айтуынша, мегаполисте әлеуметтік, инженерлік, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша көптеген жобалар жүзеге асырылуда, олардың орындалуы депутаттардың, Бюро мүшелерінің және партия филиалы Саяси кеңесінің бақылауында.

Партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында Алматы қаласында 2021 жылы 79 балабақша ашылды, Алатау және Наурызбай аудандарында 5,1 мың орындық 3 мектептің құрылысы аяқталды, мектептерге 8 мың орындық 16 қосымша құрылыс салынды.

AMANAT

«Шетсіз қала» бағыты бойынша да жұмыстар жалғасуда. Осылайша, халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу деңгейі 98,5%-ға дейін жеткізілді, ал газбен жабдықтауға қол жеткізу 99,2%-ды құрады. Бұдан бөлек, жеке сектордағы 2 мыңнан астам үй табиғи газға көшірілді.

Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жобаларды іске асыру барысы қаралды. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесіндегі жол айрығы аяқталып, Абай даңғылы бойынша қозғалыс ашылды. Сондай-ақ, өткен жылы Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарының 8 шағын ауданында 65 км жаңа жол салынды. Ұзындығы 201 км 206 көшеге орташа жөндеу жұмыстары қамтылды.

Сонымен қатар, отырыста қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев өңірлік қоғамдық кеңестердің санын 11-ден 8-ге дейін оңтайландыру туралы хабарлап, жаңа төрағаларды таныстырды.

Сонымен, экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесті депутат Қайрат Құдайберген, отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесті – Рахат Шимашева, Өңірлік даму және экология мәселелері жөніндегі кеңесті – Шухрад Шардинов, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесті – Болат Садықов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл кеңесін – Ерболат Қасымов басқарды. Ал қалған үш кеңестің басшылары өз жұмыстарын жаңа құраммен және бекітілген жылдық жұмыс жоспарының жобасымен жалғастыратын болады.

Отырыс барысында проблемалық мәселелер қаралып, оларды шешу үшін әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне бірқатар тапсырмалар берілді. Өз кезегінде, партияның қалалық филиалы барлық сайлауалды уәделерінің уақытылы орындалуын бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.

Тегтер: «Аманат»Жаңалықтар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды ​​мен Теміртауда банк клиенттерін 40 миллион теңгеге алдағандар ұсталды

Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Өз балаларына миллион теңгеден аса ақша қарыз болған ер адам ұсталды

Футболдан Амангелді Сейітханов турнирі мәресіне жетті

Оралда Toyota бағанаға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды

Ауыл шаруашылығы министрлігі космомониторинг жұмысы бойынша кемшіліктерді атады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»