Бүгін белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың туған күні. Ол өзінің 34 жасын жалғыз қарсы алды. Instagram-дағы парақшасына туған күнін жалғыз қарсы алып жатқан видеосын жүктеген. Ал жарының жеке мерекесіне лебізін Қайрат Нұртас желі арқылы жеткізген.
Әнші сүйікті жарын құттықтау жазбасына Жұлдыз бен балаларының суретін ғана салған. Содан соң «Бүгін балаларымның анасы Жұлдыздың туған күні. Алла екі дүниенің бақытын, байлығын, абыройын нәсіп етсін! Балаларымыздың жеткен жетістігін, қуанышын бірге көруді жазсын», – деп тілегін арнаған.Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)