ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 6 өңірдегі департаментіне жаңа басшылар тағайындалды.
Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымына сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен:
– Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы болып Мұрат Секешұлы Қарымсақов;
– Алматы қаласы бойынша департамент басшысы болып Асхат Оразханұлы Оразхан;
– Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы болып Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев;
– Атырау облысы бойынша департамент басшысы болып Досанов Ерлан Азаматұлы;
– Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы болып Денис Владимирович Шакенов;
– Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы болып Болат Нұрғазыұлы Жылқыбаев;
– Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы болып Әділхан Хасымханұлы Әшірбаев тағайындалды.