ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 6 өңірдегі департаментіне жаңа басшылар тағайындалды. Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымына сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен: - Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы болып Мұрат Секешұлы Қарымсақов; - Алматы қаласы бойынша департамент басшысы болып Асхат Оразханұлы Оразхан; - Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы болып Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев; - Атырау облысы бойынша департамент басшысы болып Досанов Ерлан Азаматұлы; - Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы болып Денис Владимирович Шакенов; - Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы болып Болат Нұрғазыұлы Жылқыбаев; - Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы болып Әділхан Хасымханұлы Әшірбаев тағайындалды.