Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет AMANAT

Ауылдықтардың арызы партия бақылауында

Би–Барыс КӨКШЕ Би–Барыс КӨКШЕ
Сәуір 15, 2022
партия
50
қаралым

«AMANAT» партиясы шал­ғай­да ор­наласқан елді ме­кен­дерде мо­бильді қоғамдық қабылдауларды жүргізуді жал­ғастырады. Осы жолы партия­ның Ақмола облыстық филиа­лының мо­бильді қабылдау бөлмесі Бурабай, Бұ­ланды ау­дандарында болып, ауыл тұрғындарының арыз-шағымдары мен талап-тілектерін тың­дады.

Бурабай ауданына қарасты Ве­деновка ауылдық округіне жалпы саны бір мыңнан аса тұрғыны бар 4 елді мекен кіреді. Қоғам­дық қабыл­дау­ға келген жұрт өздерінің жеке бас­тарының жайларынан бөлек тұ­тас ауыл үшін қажет өзекті мәсе­ле­лерді де көтерді. Оның қатарында ауыл мектебін және көлік жүретін көпірді жөндеуден өткізу, балалар мен жастар үшін спорт алаңын салу, одан қалды көшелерді жарықтан­дыру, жолды қалпына келтіру, ин­женерлік желілер мен әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту сияқ­ты жергілікті жердің тұрмысына қа­тысты сан алуан арыз болды.

Мәселен, ауыл тұрғыны Айгүл Қазбекова ауызсу мәселесін көтерді. «Су құбырларының тозығы әбден жеткендіктен, жиі-жиі істен шығып, тұтас ауылдың сусыз қалатын күні аз емес. Сондықтан сумен жабдықтау тора­бын толықтай күрделі жөндеу­ден өткізу қа­жет. Бүгін «AMANAT» партиясының қа­былдауы болаты­нын естіп, біз көп жыл бойы шеші­мін таппаған осы мәселені шешіп беруін сұрай келдік. Биыл шешілсе екен дейміз», – деді арызданушы.

Ауылдық округ әкімі Мақсат Имам­баев­тың айтуынша, су тора­бын күрделі жөн­деуден өткізудің жобалық-сметалық құжаты дайын екен. Енді салалық министрлікке бюджеттік тапсырыс жіберілмек.

Ауылда сондай-ақ медицина мамандары тапшы. Ауыл медбикесі Татьяна Прехель дәріхананың жоқ­тығын да алға тартты. Оған аудандық жұмыспен қамту бөлімінің маман­дары түсініктеме берді. Егер ауыл тұрғында­рының арасынан фарма­цевт болуға тілек білдіретіндер та­былса, ондай үміткерді ар­найы ұйым­дастырылған курстан өткізу мүм­кіндігі бар көрінеді. Медицина маман­дары­ның кадр тапшылығын да шешуге болады.

Партияның облыстық қоғамдық қа­былдау бөлмесінің меңгерушісі Ақманат Әлімбетова ауылдықтар өзара шешуге болатын мәселелерде пысықтық танытуы қажетін алға тартты. Сондай-ақ мектеп ди­ректо­рына балаларды кәсіптік бағыттау ісін мықтап қолға алу керек екенін жеткізді. Одан бөлек, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтыл­ған не болмаса көп­балалы отбасыдан шық­қан түлектер үшін аудан әкімдерінің грант­тары бар екенін ескертті.

Ауылдықтарды тағы бір мазалап жүрген мәселе – орта мектептің әб­ден тозығының жеткені. Мектеп үйінің салынғанына жарты ғасырдай уақыт өткен, содан бері бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмеген. Алайда білім ошағында апатты оқиға бол­маған соң оны ғимаратын жөндеу ісі кейін шегеріле берген. Бұл проблема партиялық бақылауға алынды.

Мобильді топ Бұланды ауданы­ның Вознесенка ауылында да болды. Бұл елді мекеннің де «бас ауруы» же­терлік: ойдым-ойдым жол, апатты жағдайда тұрған көпір, тозығы жет­кен сумен жабдықтау торабы – бұл тұрғындарды толғандыратын көп сұрақ­тың тек бір парасы ғана.

«Сумен қамту желісі бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзір­леніп, тендердің жа­риялануын күтіп отырмыз. Ал жолдарды жөн­­деу және жарықтандыруға келсек, бұл жұ­­мыс­тарды сумен қамту торабын толық жаңар­­­тылған соң ғана қолға алмақ­шымыз. Жол төсемін қайтадан қо­па­рып жатпас үшін оған сумен жаб­дықтау мәселесін шешкеннен кейін бір-ақ кірісеміз деп ұйғар­дық»,– деді Ақ­­мола облыстық Саяси кеңесінің мүшесі, ау­­дандық мәсли­хат депутаты Клара Меңдібаева.

Қабылдау барысында ауыл кө­некөзде­рінің бірі Виктор Коваленко ауыл жаста­ры­ның екі қолына бір күрек таба алмай жүргенін айта ке­ліп, одан соң өзінің жеке жайына көшті.

«23 жыл жерастындағы шахтада еңбек­теніп, зейнетке шықтым. Алай­да зейнетақым мардымсыз. Бұрын мал ұстаған едім. Күш кеткен соң жеке шаруашылықтан қол үздім, енді мал бағуға жарамаймын. Зей­нетақым дәрі-дәрмектен арылмай­ды. Оның үстіне, бәрі қымбаттап жа­тыр. Осы мәселелерді партия шешіп берсе, жақсы болар еді. Жалпы, «AMANAT» партиясының біздің шалғай жатқан ауылға кел­геніне қуаныш­тымын, жұмыстарына жеміс тілеймін»,– дейді Виктор Коваленко.

Жас маман Олег Прокопенко ауылда спортпен айналысқысы ке­летін жастардың көп екенін айтты. Бірақ бір қынжылтатыны – елді мекенде спорт алаңы жоқ. Ол партия осы мәселенің тездетіп шешілуін өз бақы­лауы­на алса жақсы болар еді деген тілегін жеткізді.

Партияның Ақмола облыстық Саяси кеңесінің мүшесі, аудандық мәслихат депу­таты Клара Меңді­бае­ва бұл жобаға 21 млн 49 мың теңге бөлінетінін айтты. Қазір бұл жұ­­­мысты орындау үшін байқау жариялана­тын болыпты.

Қабылдауға қатысқан аудандық мәсли­хат депутаттары мен аудан әкімі Талғат Ерсейітов, жергілікті билік өкілдері мен об­лыстық бас­қарма мамандары ауылдық­тардың сұрақтарына жауап беріп, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің мең­герушісі Ақманат Әлімбетова­ның ай­туынша, жауапты тұлғалар ха­лық­тың әрбір өтінішінің орындалу мерзімін белгілейді. Ал оның орын­далуы партиялық бақылауға алы­нады. Кейбір түйткілдің оң­тай­лы ше­шілуі мақсатында депутаттық сұраулар жолданатын болды.

Тегтер: «Аманат»арызқоғамдық қабылдаупартия

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Кеншілер қаласындағы қайғылы оқиға

Көшірме шоулар көбейді

Мобильді қабылдауда маңызды мәселелер айтылды

17 мамырға арналған ауа райы болжамы

Балаларға базарлық

Ауызбірлік пен патриотизм үшін керемет мотивация

Үйі жоқтың күйі жоқ екені рас

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»