Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет AMANAT

«TALQYLAU»: «Екінші Республика» – фундаменталды идеологема

Нұрлан ҚОСАЙ Нұрлан ҚОСАЙ
Сәуір 15, 2022
TALQYLAU
76
қаралым

Кеше «AMANAT» партиясының Қо­ғамдық саясат институты жаны­нан құрылған «TALQYLAU» жаңа диа­лог алаңының екінші отырысы бо­лып өтті. Парламент депутаттары, сарапшылар мен қоғам белсен­ді­лері қатысқан бұл жолғы талқылау Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың еліміздегі жаңа саяси-қоғамдық ахуалды бағалағанда қолданып жүрген «Жаңа Қазақстан» және «Екінші Республика» сөздерінің мә­нін ашуға, осы тың ұғымдар аясын­дағы идеологиялық аспектілерді айқындауға арналды. Жиын сон­дай-ақ, онлайн форматта тікелей эфирде интерактивті трансляция сипатында өрбіп отырды.

Жаңа диалог алаңының кезекті пі­кірталас жиынына Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов, Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым, құқықтанушы Марат Бәшімов, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталы­ғының директоры Андрей Чеботарев, Еуразия интеграция институтының ди­рек­торы Оразғали Селтеевтер қатысты. Одан бөлек, жиынға елге белгілі әр сала­ның мамандары, сарапшылар қатысты. Мемлекеттік хатшы «Екінші Республика» билік институттары арасында неғұрлым тиімді теңгерім жасайтын мемлекеттік бас­қару моделінің өзгеруін сипаттай­тынын атап өтті.

«Жаңа Қазақстан» – бұл маңызды қо­ғамдық трансформацияны жүзеге асы­ратын кең ауқымды идеологема бол­са, «Екінші Республика» – бұл мемле­кеттік модельді өзгерту. Яғни, бірінші жағдайда құндылықтар деңгейінде, ал екінші жағ­дайда – бұл институционалдық, құқық­тық деңгейде жүзеге асатын өзге­рістер. 16 наурыздағы Жолдауда Прези­дент нақты жаңа саяси бастамаларды жария еткенін және оларды жүзеге асыру іс жү­зінде басталып кеткенін ескерсек, «Екін­ші республикаға» жақын арада көшедідеп айтуға болады», – деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік хатшы Президенттің жаңа бастамалары бүкіл саяси жүйені жаңғыртып, қайта бастауды білдіретінін атап өтті. Жаңа заңдар қабылданып, Конс­титуцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін іс жүзінде осы жылдың өзінде Қа­зақстанда мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшу жүзеге асырылады. Ол тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін инс­титу­ционалдық тұрғыдан күшейтіп, жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді.

AMANAT

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов саяси ұйымның «Екінші Республикадағы» ор­ны мен мәртебесінің қалай болатынды­ғына тоқталды. Ол елімізде саяси жүйені трансформациялау партияны жаңғыр­тудан басталғанын атап өтті.

«Заңнаманы либерализациялауды, жаңа партияларды тіркеу ресімдерінің жеңілдетілуін ескерсек, еліміздің партия­лық-саяси алаңына жаңа ұйымдардың ке­летінін түсіну қиын емес. Бұл жағдай – біздің партиямыз үшін өзінің ұзақмер­зімді, жауапты көшбасшылыққа және бә­секелестікке дайын екенін дәлелдеу мүм­кіндігі. Осы алаңдағы кездесу «AMANAT» сындарлы диалог аясында Қазақстанды дамыту бойынша нақты идеялар мен ұсыныстар әзірленетін саяси мәдениетті арттыруға барынша ықпал ететінін көрсетеді», – деп атап өтті Асхат Оралов.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысының сөздерін Мәжілістегі фрак­ция депутаты Айдос Сарым да жалғай түсті. Жаңа терминнің орнығуын және оның аясындағы нақты іс-шаралардың қалай көрініс табуы тиіс екендігі туралы өз ойын жеткізген ол қазір жүріп жатқан мем­лекеттік басқару трансформациясы саяси партиялардың артикуляциялық, яки қоғамның үнін билікке жеткізу функ­циясының араласуымен жүруде екенін айтты.

«Бірінші, екінші республика дегенге келер болсақ, мұнда реттілік пен сабақтас­тық бар. Бір нәрсе анық – біз енді өткенге қайта оралмаймыз, жаңаша форматта, жаңа сапаға бет бұрамыз. Кейбір қазақ­стандықтардың өзге елдердің өмір салтын үлгі тұтып, соны көксеп өмір сүріп жат­қа­ны дұрыс емес. Әр елдің өз жағдайы, өз жолы бар. Біз өзіміздің өмір шындығы­мызға оралып, қоғамдық кеңістікке кірі­гіп, оны жақсартуды осы жерден бастауы­мыз керек. Президенттің бастамаларына, «Жаңа Қазақстанды» құруға, «екінші Рес­публиканы» өмірге әкелуге әркім тіке­лей өз жауапкершілігін сезінуі керек», – дейді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым.

Сөз кезегі құқықтанушы Марат Бәшімовке тигенде, ол өзі мүшесі болып табылатын Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобы атынан көз­қарасын жеткізді. Ата Заңды реформалау барысындағы негізгі бағыттармен таныс­тырды. Оның айтуынша, Ата Заңымызда барлығы да нақты айтылуы керек. Екі­ұдай пікірді білдіретін тұстары болмауы тиіс.

TALQYLAU

«1995 жылы Конституциялық сотты тек Президент пен Парламенттің құзы­реті сәйкес келмей қалғандықтан ғана тара­қатып жіберген болатын. Ал қазір Мем­лекет басшысы Парламентке өкілет­тілік беруден қорқып отырған жоқ. Ол бізге өзгертулерді басқа елдердің заңнама­сы­­мен салыстыра отырып, жасап шығу­рауға тапсырма берді. Азаматтардың жеке конституциялық шағымдарымен тікелей Конституциялық сотқа шағымдануына мүмкіндік берілсін дейді. Көптеген ел­дер­де бұл жанама жолдармен жүзеге асы­рылатындығын аңғардық. Салыстырмалы таблицаларды жасағанымызда әуелі ол 25 еді, қазір 45-ке жетті. Солардың арасынан оңтайлы жүйені таңдап алатын боламыз. Конституцияда Парламентке көбірек билік берілсе де, құқыққорғаушылық функция бірінші орында тұратын болады. Жоғары аудиторлық палата Конститу­циялық соттың мүшелігіне өтуі міндетте­леді. Төрелік институтының өзі тек заң­дарды ғана емес, Үкіметтің Қаулысы мен Президенттің Жарлығына дейін, яки заң­дық күші бар актілерді де қарайтын болады. Сонда шешім қабылдайтын тұл­ғалар ойланып қабылдамақ. Осындай талап қойғалы отырмыз. Бір сөзбен айт­қанда, Конституциялық өзгерістер ке­шені өміріміздің барлық саласына бетбұ­рыстар әкелмек», – деді Еуропалық құ­қық және адам құқы сарапшылық инсти­тутының директоры Марат Бәшімов.

«TALQYLAU» диалог алаңының бі­рінші бөлігінде барлық қонақтар өз ой­ларын жеткізіп, тақырыпты кеңінен ашқан болса, екінші бөлім сұрақ-жауап форматында өрбіді. Жиынға қатысып отырған 33 сарапшының сұрақ қоюға тілек білдіргендері көп болды. Одан бөлек онлайн қатысушылардан да 500-ден астам сұрақ келіп түскен екен. Қонақтар тікелей залдан қойылған және Facebook әлеуметтік желісі арқылы келген қай-қай сұрақты да жауапсыз қалдырған жоқ. Ес­теріңізге сала кетейік, «TALQYLAU» диа­лог алаңын құру бастамасы «AMANAT» партиясының 1 наурызда өт­кен кезектен тыс Съезінде партиялық транс­формация бағдарламасы тармақ­тарының бірі ретінде көтерілген болатын. Алдағы уақытта «TALQYLAU» отырыс­тары түрлі фор­матта ұйымдастырылып, онда пікірталас, подкасттар жазу, дебаттар қолға алынады. Алаңда сарапшылар, депутаттар, мем­лекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері аза­маттарды толғандыратын өзекті мәсе­лелерді шешу жөнінде ұсыныс­тар әзірлеу үшін тұрақты түрде кездесіп отырады.

Тегтер: «Аманат»TALQYLAUАсхат ОраловЕкінші республикаЕрлан Қарин

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлдарыңыз өзіңізден асып түссін! – Гүлнұр Оразымбетова күйеуін құттықтады

Ақтөбеде 48 жастағы тұрғын қарасора өсіретін зертхана ұйымдастырған

Алматылықтарға демалыс күндері сыртқа шықпау ескертілді

Талдықорғанда жаппай төбелес болып, күзетші соққыға жығылды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдіктіге іздеу жарияланды

Ертіс өзенінен әйелдің денесі табылды

Қарағандыда 54 миллион теңгенің рельсі ұрланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»