Атырауда өртенген үйден 46 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Атырауда өртенген үйден 46 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 сәуірде Атырау қаласындағы көпқабатты тұрғын үй өртенді. «Өрт туралы хабар кеше сағат 18:48-де түсті. Өрт «Авангард-3» шағын ауданындағы 5 қабатты үйде болған. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпығаны анықталды. Өрттің салдарынан үй иесі – 73 жастағы қария мен оның 1949 жылғы әйелі облыстық ауруханаға жеткізілді. Ер адам дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Әйел 2-дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызылды. Өртенген пәтерден үй иесінің 46 жастағы ІІ топтағы мүгедек ұлының мәйіті табылды», – деді департамент өкілі. Өрт сағат 19:27-де сөндірілді.