«Астана Раушан касса айналымы» – 2 мың адамды алдаған алаяққа қатысты тергеу аяқталды
«Астана Раушан касса айналымы» – 2 мың адамды алдаған алаяққа қатысты тергеу аяқталды
Фото: infpol.ru
Астана тұрғыны 2 мың азаматты алдап, қаржы пирамидасын ұйымдастырып, елден ақша жинаған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. Агенттіктің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қалалық департаменті қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша Р.Ж. Ахымбекова және К.Ж. Елеукеноваға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Қаржы пирамидасын құрып WhatsApp пен Telegram мессенджерінен «Астана Раушан касса айналымы» атты чат ашып, ақшалай қаражат алу үшін 2 мың салымшыны тартқан.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде «Астана Раушан касса айналымы» деп аталатын қаржы пирамидасының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті. Бұл пирамиданы алдау арқылы жеке адамдардан ақша тартқан елорда тұрғыны 2020 жылдың қаңтарында құрған. Қаржы пирамидасы құрылған сәттен бастап Қазақстан Республикасының мыңнан астам азаматы алданған.