Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Депутаттар Президенттің бюрократияны жою туралы жарлығы тиімді жұмыс істеуге ықпал ететінін айтты

Нұрбек БАҚЫТ Нұрбек БАҚЫТ
Сәуір 15, 2022
Ақорда - бюрократия
440
қаралым

Бүгін Мәжіліс депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлығына қолдау көрсетіп, пікір білдірді.

Мәселен депутат Мейрамбек Төлепберген Facebook-тегі парақшасында жарлықта жүйелі және қолданбалы шаралар кешені қарастырылғанын айтып, құжаттың маңыздылығына тоқталды.

«Бұл шаралардың барлығы мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді», – деді М.Төлепберген.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров бұл жарлық мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға септігін тигізетінін айтты.

«Жедел шешім қабылдайтын кезде, шенеуніктер бюрократияға салынып қашқақтайды. Бұл өз кезегінде, көптеген күрмеулі мәселелердің жылдар бойы шешілмеуіне алып келеді. Құжат осы жүйелі проблемаларды реттеудің жолы болып табылады», – деді Е.Саиров.

Депутаттар Президент жарлығы мемлекеттік аппараттың жұмысын оңтайландыруды тездетуге жол ашады деген пікір айтуда.

«Мемлекеттік аппараттың мақсаты айқын. Ол – халықтың мүддесін көздейтін маңызды құжатты ел игілігі үшін тиімді орындау», – деді Нұрлыбек Ожаев Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары Президент жарлығы мемлекеттік қызметті заман талабына сай жетілдіруге бағытталғанын айтып, Facebook-тегі парақшаларында өз ойларымен бөлісті.

«Ең алдымен, шешім қабылдану үдерісі жылдамдатылады. Одан кейін,  мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың дербестігі артып, құжат айналымы мен қағазбастылық азаяды», – деп жазды Мәжіліс депутаты Бауыржан Сартбаев.

Сондай-ақ, депутат Бақытбек Смағұл бюрократияның халық пен бизнеске қиындық әкелетінін айтып, Жарлықтың осы мәселелерді түбегейлі шешетініне назар аударды.

«Президенттің бүгінгі Жарлығы мемлекет пен ұлттық мүддені көздейтін аса маңызды құжат болып отыр. Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған тарихи құжаттардың бірі болады және нақты жүзеге асырылады деген үміттемін», – дейді Бақытбек Смағұл.

Тегтер: депутаттарЖаңалықтарМәжілісмемлекеттік аппарат
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлем чемпионатында жүлделі орын алған боксшыларымыз қанша сыйақы алады?

Атырауда көпірден сүйек қалдықтарын лақтырған ер адам видеоға түсіп қалды

Сарқанда бес жасар баланың мүрдесі қоқыста үш ай бойы жатқан

Қазақстанда темекі бағасы бірден  қымбаттауы мүмкін

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жеңілдетілген автонесие бойынша тағы бір банк өтінім қабылдауды бастады

Қостанайда жанып жатқан көліктен ер адамды құтқарған сәт видеоға түсіп қалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»