Жағдайы нашарлаған танымал әнші Ерке Есмаханға дәрігерлер ота жасайтын болды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. “Денсаулығым сыр беріп, соңғы күндері өзімді жаман сезініп жүрдім. Байқасаңыздар, анализ тапсыруымен 2 аптам өтті. Әлсіз тұсымды осы кезге дейін ешқашан білдірмейтін едім. Қатты қорыққанымнан сіздерге жазып отырмын. Ертең маған операция жасайтын болып шешті дәрігерлер. Сіздермен аман-есен қауышайын. Тілек тілеп қойыңыздар! Алла жар болсын!”, – деп жазды әнші инстаграмдағы сториз бөлімінде. [caption id="attachment_192250" align="alignnone" > ©caravan.kz[/caption]