Елордада «Ұлттық ғашықтар күні» қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері студенттермен «Жаңа Қазақстан: отбасылық және адамгершілік құндылықтарды нығайту» тақырыбында кездесу өткізді.
«Бақытты отбасылық өмір бірден бола қалмайды, үлкен еңбекті талап етеді. Отбасын құру көп уақытты, күш пен энергияны қажет етеді. Бірақ бұл адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі болып есептеледі», – деді қалалық мәслихат депутаты Назгүл Мақжан.
Іс-шара барысында «Қазақ қызы» ҚБ төрағасы, Қазақ қызы мәдени-адамгершілік тәрбие институтының негізін қалаушы, әйелдер істері жөніндегі комиссияның мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Қарақат Әбден сөз арасында әйелдің қоғамдағы рөлін арттырудың және отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесуге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Назарбаев университетінің 1-2 курс студенттері шақырылды. Сол сияқты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатысты.