Елордада цифрландыру бойынша аймақтық конференция өтуде
Елордада цифрландыру бойынша аймақтық конференция өтуде
198
оқылды
Елордада өтіп жатқан цифрландыру бойынша аймақтық конференцияға Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Корея Республикасы, Қырғызстан, АҚШ, Тәжікстан және Өзбекстаннан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 70-тен астам өкілі қатысуда. Конференцияны Астана мемлекеттік қызмет  хабы (Хаб)  Корея Республикасының  Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі (MOIS) және Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық агенттігімен (NIA), «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған. Аймақ елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдары басшылары Корея Республикасы жетекші сарапшыларымен бірлесіп, Орталық Азия жеті мемлекетінің және Кавказдың  қажеттіліктерін бағалау бойынша зерттеу нәтижелерін талқылауда.  Зерттеу – аймақ елдерінің цифрлы трансформацияны жүзеге асырудағы қажетін тереңірек қарастыратын алғашқы еңбек. Зерттеу 2021 жылдан бері осы елдер арасында жүргізілген сауалнама мен сұхбат мәліметтеріне негізделген. Бұл жұмыс Хаб, БҰҰДБ және Корея Республикасы Үкіметінің (MOIS және NIA) аймақ елдері үкіметтерінің цифрландыру саласындағы әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен жобасы аясында жасалды.
Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Бәйменов конференцияны аша отырып, «жаңа технологиялар адамға бағытталған мемлекеттік басқаруды дамытудың жақсы құралы бола алатынын» атап өтті. Ол сондай-ақ бүгін талқыланып жатқан зерттеудің жоба аясында жасалатын әрі қарайғы жұмыстың қатысушы елдердің қажетіне сәйкес жүзеге асуын діттейтінін айтты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан Жазықбаев өз сөзінде қазіргі уақытта ақпараттық шешімдер қабылдаудың маңызын атап өтіп, мұндай конференцияларға қатысу мемлекеттердің цифрландыру бойынша өңірлік ынтымақтастығын дамытуға және күш-жігерді жұмылдыруға, одан әрі тиімдірек және заманауи тәсілдерді әзірлеуге ықпал ететінін атап өтті. Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігінің (MOIS) цифрлық  ресурстар саясаты бөлімінің директоры Мин Сун Джеонг: «Осы бағдарлама аясында Корея цифрлы үкімет құру бойынша өз тәжірибесімен белсенді түрде бөліседі және қатысушы елдермен ынтымақтастық аясын кеңейту жолдарын іздестіреді» – деді.  «Біз бүгін осында жиналған жеті қатысушы ел делегацияларының белсенді рөлі мен іске үнемі араласуын өтінеміз, бұл әлеуетті күшейту бағдарламасының озық нәтижелеріне кепілдік берер еді», – деп атап өтті Мин Сун Джеонг. конференция БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш: «Цифрлық технологияларға көшу бүгінде басқаша жұмыс істеуге және ойлауға мүмкіндік береді, бұл ретте біз тіпті білмеген мүмкіндіктерді ашады. Қазақстандағы БҰҰДБ азаматтар мен бизнестің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге цифрлық форматта қол жеткізуін жақсарту мақсатында Қазақстан үкіметімен және басқа да ұлттық әріптестермен бірлесіп жұмыс атқаруда, сондай-ақ іске асырылып жатқан жобалар арқылы басқа салаларда цифрлық шешімдерді енгізуге қолдау көрсетуде», – деді.
«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Арман Абдрасилов: «Бүгінгі таңда цифрландыру – әрбір азаматтың өміріндегі басты элементі» деп атап өтті. Сондай-ақ ол бұл шараны өткізу тәжірибе алмасуға және еліміздегі цифрлық трансформацияны дамытудағы жаһандық трендтер мен инновациялық шешімдерді зерделеуге жақсы мүмкіндік болатынын атап өтті.
Конференцияның құрметті қонағы, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер Департаментінің (UN DESA) Цифрлық үкімет басқармасының жетекшісі Винченцо Акуаро алдағы уақытта БҰҰ-ның электронды үкімет туралы зерттеуі бойынша цифрландыру саласындағы жаһандық және аймақтық үрдістердің негізгі бағыттары туралы айтты. Конференцияның екінші күні «Зерде» холдингінде өтті. Қатысушылар назарына мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясын дамыту, ақпараттық технологияларды дамыту, инновациялар, үлкен деректерді басқару бойынша халықаралық және ұлттық жобалар ұсынылды. конференция Конференция – БҰҰДБ, Хаб, MOIS және NIA бірлескен аймақтық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар сериясының бірі. Жоба Орталық Азияның жеті елінде (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) және Кавказ (Әзербайжан, Армения, Грузия) мемлекеттік басқару жүйесіндегі инновацияларды енгізуге және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді цифрландыруға қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен практиктердің әлеуетін арттыруға бағытталған.