Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Білім

Павлодарда мектеп өртенді: 5 бала ауруханаға жеткізілді

Назгүл Ержанқызы Назгүл Ержанқызы
Сәуір 15, 2022
мектеп

©tengrinews.kz

1.5k
қаралым

Павлодардағы №6 орта мектепте өрт шығып, бес бала ауруханаға жеткізілді. Қазір зардап шеккендердің жағдайы тексеріліп жатыр. 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, білім беру мекемесінде өрт шыққаны туралы хабарлама 15 сәуірде сағат 11.06-да түскен.

«Үш қабатты мектептің үшінші қабатында кітап сақтау бөлмесінде өрт шықты. Жиһаз бен кітаптар өртеніп кетті. Өрт аумағы 15 шаршы метр», – деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Өртсөндірушілер келгенге дейін 479 адам эвакуацияланған, оның ішінде 414-і бала.

«Сағат 11.41-де өрт ауыздықталды. Өрт орнынан бес оқушы қыз жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге облыстың Төтенше жағдайлар департаментінен 35 қызметкер мен 9 техника және Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жұмылдырылған.

Тегтер: ЖаңалықтармектепоқушыларПавлодар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаевтың Қырғызстанға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды

Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілініп отыр

Бауырлас екі ел арасында түсінбестік болған емес – Тоқаев

Синоптиктер маусым айында бірнеше облыста құрғақшылық болатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Садыр Жапаров «Ақ кемеде» қарсы алды – видео

Утильалымға артық төленген ақшаны қайтарып алу үшін не істеу керек?

AMANAT партиясының өкілдері Республикалық диагностикалық орталық ұжымымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»